№207 мектепте өткен тұрғындармен кездесу барысында Абай саяжайларының тұрғыны ауызсу мәселесі мен трансформаторлық қосалқы станцияны көшіру жөнінде сұрақ көтерді.
Кездесу аяқталысымен мәселе назардан тыс қалмай, бірден көрсетілген мекенжайға шығып, жағдаймен таныстық. Аталған мәселе қосымша талдауды қажет етеді. Қазіргі уақытта тиісті мекемелермен бірлесіп, шешу жолдары қарастырылуда.