
Наурызбай ауданының «Арай» ардагерлер ансамблі аудан намысын халықаралық деңгейде қорғады.
Қытай мен Қазақстан арасындағы аға буын өкілдеріне арналған халықаралық мәдени алмасу аясында өткен «Музыка мен би әлемі – 2026» халықаралық мәдениет және өнер фестивалінде «Арай» ансамблі Гран-при жүлдесіне ие болды. 18 шығармашылық ұжымның арасынан Наурызбай ауданының өнерпаздары үздік деп танылып, Гран-при иеленді. Сондай-ақ ансамбльдің әрбір қатысушысына алғыс хат және мен медаль табысталды.
Бұл жеңіс - өнердің жас талғамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Аға буын — өмірлік тәжірибесімен, рухани қуатымен және белсенділігімен баршамызға үлгі. Ардагерлерге қолдау көрсету — ұлттық құндылықтарды сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ауданның рухани өмірін дамытуға қосылған маңызды үлес. «Арай» ансамблімен әрқашан мақтанамыз.