
Алматы қаласы әкімінің «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты аясындағы тапсырмасына сәйкес, 2026 жылға Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесі мен оған іргелес аумақтарды абаттандыру жоспарланып отыр.
Жоба Абай даңғылы, Ақтамберді жырау, Төле би және Молдабеков көшелерінің аралығын қамтиды. Жоспарланған жұмыстарды нақтылау мақсатында нысанға арнайы шығып, көшенің қазіргі жағдайымен таныстық.
- Жаяу аралау кезінде жол инфрақұрылымын жаңарту,
- жол белгілері мен жолақтарын ретке келтіру,
- сыртқы жарықтандыруды жақсарту,
- жаяу жүргіншілер аймақтары мен тротуарларды абаттандыру,
- арық жүйелерін қайта жаңғырту,
- көше жиһаздарын орнату және аумақты жасыл желекпен көріктендіру мәселелері талқыланды.
Абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Барлық шешімдер тұрғындардың мүддесін ескере отырып, қауіпсіз, ыңғайлы әрі жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталады.