Аудан кәсіпкерлерімен өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кездесу өткізілді

Аудан кәсіпкерлерімен өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кездесу өткізілді

Наурызбай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен, «Amanat» партиясының өкілімен және аудан кәсіпкерлерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өрттің алдын алу шараларын күшейту қажеттігіне ерекше назар аударылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу.