
Бүгін Тастыбұлақ өзені жағалауын реконструкциялау жұмыстарымен таныстық — бұл өзен жағасы Наурызбай ауданының тұрғындары үшін жаңа серуендейтін алаң болмақ.
Жұмыс процесін көріп, қай учаскелерде жұмыстар атқарылғанын бағалап, жобаның жоспар бойынша жүзеге асатынын тексеріп қайттық. Жұмыстар 2025 жылы басталған, ал 2026 жылдың күзінде жағалау тұрғындардың қолданысына беріледі деп жоспарлап отырмыз. Жоба аясында 13,5 мың м² аумақ абаттандырылады, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынады, жасыл желек отырғызылады, шағын сәулет элементтері мен жарық бағандары орнатылады. Қазіргі уақытта бұрын қазылған учаскелерге топырақ төсеу, жер тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
Біздің мақсатымыз — тұрғындарға тағы бір ыңғайлы әрі қауіпсіз демалыс орнын ашу. Жұмыс сапасы әрдайым бақылауда.