
Наурызбай ауданында санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Күн сайын көшелерге жол жұмысшылары мен арнайы техника шығып, жол бөліктері мен жаяу жүргіншілер жолдары тазаланады.
Сонымен қатар аялдама маңайлары, өзен арналары мен арық жүйелері де ретке келтіріледі. Күнделікті жүйелі жұмыс аудан аумағында тазалықты қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ абаттандыруға қатысты мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.