Арнайы қажеттілігі бар балаларға көпфункционалды арбалар табысталды !!!

Арнайы қажеттілігі бар балаларға көпфункционалды арбалар табысталды !!!

Бүгін Наурызбай ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға көпфункционалды кресло-арбалар табысталды.

Балаларды қажетті оңалту құралдарымен қамтамасыз ету 2024–2030 жылдарға арналған инклюзивті ортаны қалыптастыру жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Кресло-арбалар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сатып алынған. Ауданда 3,5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады, олардың 1 094-і — балалар. Отбасыларды қолдау және балаларға қолайлы жағдай жасау әлеуметтік саясаттағы басым бағыттардың бірі. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарға жергілікті бюджеттен 64,7 млн теңге бөлінді. Жыл басынан бері 10 арба-орындық табысталды, бүгін қосымша тағы 6 дана берілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.