
18-інен 19-ына қараған түні Наурызбай ауданында жолдар мен тротуарларды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Қар жауа бастаған сәттен бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, тротуарлар, қоғамдық орындар, автобус аялдамалары мен жаяу жүргіншілер өткелдері тазартылды. Қауіпті учаскелерге құм-тұз қоспасы қайта төселді. Жұмыстарға 50 арнайы техника мен 34 жол жұмысшысы жұмылдырылды.