
18 желтоқсан күні Наурызбай ауданында «Жарқыра, менің Алматым» атты мерекелік концерт пен ауданның басты жаңа жылдық шыршасын жағу салтанаты өтеді.
Іс-шара Шұғыла шағынауданы, 347 мекенжайындағы Амфитеатр алаңында ұйымдастырылады.
Негізгі концерттік бағдарлама сағат 17:00-де басталады.
Қаламыз тұрғындарын мерекелік шараға шақырамыз — бірге ауданның жаңа жылдық шыршасын жағайық және уақытты көңілді өткізейік!
Концертке танымал қазақстандық әртістер қатысады: Нұрғалым Аманбай, Нұржан Қалжан, Ермек Меденов, Мейір Қайрат, Жігер & Жанат дуэті, Айжан Керімқұлова.
Келе жатқан 2026 жыл құтты болсын!