Тәуелсіздік күніне арналған әдеби-тарихи кеш №192 мектепте өтті

Тәуелсіздік күніне арналған әдеби-тарихи кеш №192 мектепте өтті

Наурызбай ауданында Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектепте Тәуелсіздіктің 34 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты аудандық тарихи-әдеби кездесу кеші өтті.

Іс-шараны ауданның «Әжелер алқасы» мен Желтоқсан ардагерлері ұйымдастырды. Кеш барысында Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы айтылып, ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған ерлердің рухына тағзым жасалды. Кездесуге публицист, жазушы, желтоқсан тақырыбын зерттеуші Талғат Айтбайұлы, желтоқсаншылар мен патриоттық қозғалыс өкілдері қатысты. Қонақтар оқушылармен ашық сұхбат жүргізіп, тәуелсіздік құндылығы мен азаматтық жауапкершілік туралы ой бөлісті. Бағдарлама аясында театрландырылған көріністер, патриоттық әндер, әдеби композициялар қойылып, жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметі мен рухани танымы тереңдей түсті.