
Қар жауып бастаған сәттен коммуналдық қызметкерлер тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Барлығы 125 маман мен 53 бірлік техника жұмылдырылды. Автокөлік, жаяу жүргіншілер жолдары мен үйлердің кіреберістеріне - 500 тонна құм аралас тұз қоспасы себілді.
Сондай-ақ шағын және орта бизнес нысандары, мектептер және медициналық мекемелер де өз аумақтарын тазалауда.
Құрметті тұрғындар!
Аудан аумағында қар тазалау жұмыстары күні-түні жүргізіледі.
Жолда абай болыңыздар, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.