Наурызбай ауданының отбасы «Мерейлі отбасы – 2025» байқауында марапатталды

Наурызбай ауданының отбасы «Мерейлі отбасы – 2025» байқауында марапатталды

«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының республикалық кезеңінде Наурызбай ауданының отбасы марапатталды.

Астанада Алматы қаласының атынан қатысқан Дүйсебаевтар әулетіне естелік мүсінше, диплом және 1 миллион теңге көлемінде сертификат табысталды. Іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Президенттің тапсырмасы бойынша отбасыларды қолдауға бағытталған кең ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Мерейлі отбасы» — 2014 жылдан бері отбасы және рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған жоба.