Таусамалы шағынауданында, Рахымбай Ханалы көшесінде ауқымды сенбілік өткізілді

Таусамалы шағынауданында, Рахымбай Ханалы көшесінде ауқымды сенбілік өткізілді

Таусамалы шағынауданында, Рахымбай Қаналы көшесінде ауданның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 25 адам қатысып, 4 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жұмыс барысында тұрмыстық қалдықтар мен қураған жапырақтар жиналып, жалпы көлемі 100 м³ қоқыс шығарылды. Апта сайын өткізілетін мұндай сенбіліктер ауданның тазалығын сақтауға, санитарлық қауіптердің алдын алуға және тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.