Наурызбай ауданындағы Комьюнити-орталықта вакансиялар жәрмеңкесі өтті !!!

Наурызбай ауданындағы Комьюнити-орталықта вакансиялар жәрмеңкесі өтті !!!

Наурызбай ауданындағы Комьюнити-орталықта вакансиялар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның мақсаты — тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік осал топтарды қолдау және жаңа мүмкіндіктер ашу. Жәрмеңкеге жеке сектор өкілдері мен қалалық ұйымдар қатысты: «Рэм-Кран», «Solution», «Furnita», Degirmen, «Ақ-бұлақ» базары, King Fitness, «Алматинский продукт», «Алматы тазалық», АЗТМ, сондай-ақ №15 санаторлық мектеп-интернаты. Қатысушылар қатарында жастар, студенттер, пробация қызметінде есепте тұрғандар және «Тең Қоғам» жобасына қатысатын азаматтар болды.

Келушілерге түрлі бос жұмыс орындары ұсынылып, кеңестер берілді. Шара ашық әрі нәтижелі атмосферада өтіп, жұмыс берушілер алдағы уақытта да ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.