Наурызбай ауданында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда !!!

Наурызбай ауданында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда !!!

Бүгін Тастыбұлақ шағын ауданындағы Ақжар гүлзарында тұрғындармен бірге тағы 100 түп ағаш (терек және жөке) отырғыздық.

Бұл - жастар, ардагерлер, көршілер, балаларымен келген отбасылар – бәрі бірігіп, жылы әрі есте қаларлық шараға айналды. Ардагерлердің бірі айтқан мына сөз ойымда біраз жүрді: «Ертеңгі күні ауданымыздың қандай болатыны – әрқайсымызға байланысты». Расында, болашағымыз жарқын болсын десек, бәріміздің бүгінгі күнгі үлесіміз маңызды.

Ағаш отырғызу жұмыстары 10 қарашадан бастап қарқынды жүзе асырылып жатыр. Биыл барлығы 2 200 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр, оның бір бөлігі – өтемдік ағаш отырғызу. Яғни, қураған ағаштардың орнын толтыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 600-ге жуық ағаш Абай және Алатау даңғылдарында, «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің (E1–E5) аулаларында және аудандық маңызы бар көшелерде отырғызылды.