
Бұланды көшесінде ауқымды сенбілік өтті.
Жұмысқа 30 адам және 3 арнайы техника жұмылдырылды: аумақ қоқыстан тазаланып, сынған бұтақтар жиналды, жол бойы сыпырылып, жер тегістеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 100 м³ қоқыс шығарылды.
Таза аудан — өз қолымызда! Тек бірлесе ғана ауданымызды одан әрі таза әрі жайлы ете аламыз. Қаламызды таза ұстайық!