
Бүгін жауапты мамандармен бірге «Барлық» базарының маңын және Райымбек даңғылы бойын аралап, жағдаймен танысып қайттық.
Негізгі мақсат — ауданның санитарлық жай-күйін жақсарту және аяқталмай тұрған нысандардағы жұмыстардың барысын бақылау. Сапар барысында бірқатар учаскелерде санитарлық талаптардың сақталуына қатысты ескертулер анықталды. Барлық мәселелер бақылауға алынып, жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді. Ауданды жүйелі түрде жаяу аралауэ — жергілікті ахуалды дер кезінде көріп, атқарылып жатқан жұмыстың сапасын бақылауға мүмкіндік береді.
Басты мақсатымыз — аудан тұрғындары үшін қолайлы және жайлы орта қалыптастыру.