Қорытындылар мен жоспарлар: Наурызбай ауданы тұрғындармен бірге алға басып келеді !!!

Қорытындылар мен жоспарлар: Наурызбай ауданы тұрғындармен бірге алға басып келеді !!!

📢Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында брифинг өтті. Бұл кездесуде нәтижелеріміз және алдағы жоспарларымызбен де бөлістік.

Жетістіктерді сіздермен бөлісу маңызды, себебі ауданның дамуы — әрдайым бірлескен еңбек, әкімдік командасының жүйелі жұмысы және тұрғындардың белсенді ұстанымының нәтижесі.

Есепті кезеңде аудан тұрақты оң динамика көрсетті:

📈экономикалық өсім — 33%

💰инвестициялар көлемі — 145 млрд теңге Аудан бойынша инженерлік желілерді жаңарту және тарту жұмыстары жалғасуда.  

〽️Жол инфрақұрылымы да нығая түсті: биыл 30 көше жаңартылды, ал Ақжар ықшамауданында жаңа құрылыс аясында 15,5 км жол салынды.

Бұл жобалар тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Брифинг барысында әлеуметтік нысандар, жолдар, инфрақұрылымға қатысты және аудан тұрғындарын толғандыратын өзге де өзекті мәселелер бойынша БАҚ өкілдерінің сұрақтарына нақты жауап берілді.

Әкімдік Наурызбай ауданының тұрақты, жүйелі және ашық дамуын қамтамасыз ету үшін осы қарқында жұмысын жалғастыра береді. Біз алға сіздермен бірге қадам басамыз — әрбір жетістіктің мәні де осында.