
13 қараша күні Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары А. Бекжанова және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері бірлесе отырып, “Қызмет алушылар күні” аясында кең көлемді іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың сұрақтарына жедел және нақты жауап беру, қызмет көрсету сапасын арттыру.
Қатысушылар: Шараға 17-ге жуық мемлекеттік мекеме мен бөлімдердің жауапты мамандары қатысып, 80-нен астам тұрғын көкейлерінде жүрген сұрақтарына оңтайлы әрі толық жауап алды.
Қандай сұрақтар қаралды?
• eGov және eOtinish қызметтері
• Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар
• Жұмыспен қамту
• Құжат рәсімдеу тәртібі
• Қызмет көрсету сапасы
• Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері
Қорытынды: Осындай ашық форматтағы іс-шаралар тұрғындар үшін үлкен пайдасын тигізеді деп санаймыз. Алдағы уақытта да мұндай кездесулер жалғасын табады.