Әлеуметтік осал топтарды қолдау: газға жеңілдіктер алу тәртібі түсіндірілді

Әлеуметтік осал топтарды қолдау: газға жеңілдіктер алу тәртібі түсіндірілді

Алматы қаласының Наурызбай аудандық әкімдігінде «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының, жергілікті атқарушы органдардың және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғын үй көмегін (ТҮК) алушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты бағдарында ұйымдастырылды және «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы АӘК және/немесе ТҮК алушыларға тауарлық газға жеңілдіктер беру тетігін түсіндіруге бағытталды. Кездесу барысында қатысушыларға ваучер алу тәртібі, бағдарламаға қатысу шарттары және цифрлық құралдың артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Бағдарлама әлеуметтік осал топтарды қолдауға және коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Сұрақтарыңыз бойынша 5-104 номеріне хабарласыңыз.