
Наурызбай ауданы әкімдігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, «Қызмет алушылар күні» өткізеді.
📆Күні: 13 қараша
🕐Уақыты: 10:00–14:00
📍Өтетін жері: Наурызбай аудандық ХҚКО (Шұғыла ықшам ауданы, 347/1)
Мақсаты:
• Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат беру
• Азаматтардың сұрақтарына тікелей жауап беру
• Қызмет көрсету сапасын арттыру
Қатысатын органдар мен ұйымдар:
• Наурызбай аудан әкімі аппараты мен ішкі істер бөлімі
• Көші-қон полициясы
• Мемлекеттік кірістер басқармасы
• Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
• Білім бөлімі
• Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
• №36 қалалық емхана
• Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек мобильділігі орталығы»
• Тұрғын үй саясаты департаменті
• «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Наурызбай аудандық ХҚКО
• «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалы
• Жер қатынастары бөлімі
• Әділет департаментінің Наурызбай аудандық бөлімі
• Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
• АХАТ бөлімі
• Зейнетақы төлеу орталығы
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз! Пайдалы кеңес алып, мемлекеттік қызметтер туралы көбірек біліңіз