
Алматы қаласының Наурызбай ауданында есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.
Кездесу барысында электрондық ресурстар арқылы есірткі заттарының таралуына тосқауыл қою, сондай-ақ құрамында есірткі компоненттері бар дәрілік препараттардың тиісті рецептсіз сатылу жағдайлары сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша ведомствоаралық комиссия арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын басым бағыттар мен нақты шаралар айқындалды.
Мақсат — қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, салауатты әлеуметтік ортаны қалыптастыру және ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, штабтың жоспарлары мен іс-шараларының орындалу барысы ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жарияланып отырады. Бұл тұрғындарға атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық әрі нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.