
Наурызбай ауданында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 57 арнайы техника мен 131 жол жұмысшысы таңертеңнен бастап жолдарға шықты.
Қар тазалау және құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тротуарлар мен аялдамалар тазалануда. Аудан толық көлемде қажетті техникамен және реагенттермен қамтамасыз етілген. Жағдай Наурызбай ауданының кезекші қызметтерінің тұрақты бақылауында.