
Қазақстан Республикасы күніне орай Алматы қаласы Наурызбай ауданында «РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Кеш барысында Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі әсерлі өнер көрсетті. Оркестрдің бас дирижері және көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері Дінзухра Тілендиева.
Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері Жалғасбек Бегенликов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова, мәдениет саласының үздігі Гаухар Асылқанқызы, «Құрмет» орденінің кавалері Фархат Кубиев, сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әбілқайыржан Бейсеков, Жұлдыз Байжіма, Нұрғалым Аманбай, Сырым Шонбаев, Біржан Базылжан, Дияр Нұрсұлтанов, Дастан Қазкенов және Арсен Ғұрсын тамаша өнерлерін паш етті. Күй мен жыр, дәстүр мен рух тоғысқан бұл кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, тәуелсіз елдің рухын асқақтатты.