«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Құрамыс ықшамауданында заманауи мектеп есігін ашты

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Құрамыс ықшамауданында заманауи мектеп есігін ашты

Наурызбай ауданында жаңа заманауи мектеп ашылды.

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Наурызбай ауданында жаңа заманауи мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасы ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында салынды. Құрамыс шағынауданында бой көтерген мектеп 1500 оқушыға арналған.

Заманауи үлгіде жабдықталған сыныптар интерактивті тақталармен, компьютерлермен және мультимедиялық құрылғылармен қамтылған.

Мұнда

- STEM-зертхана,

- робототехника,

- биотехнология,

- нанотехнология кабинеттері,

- шеберханалар,

- кітапхана, асхана және спорт, би, акт залдары жұмыс істейді.

Мектеп аумағында футбол алаңы, теннис корты, спорт алаңы және бастауыш сыныптарға арналған демалыс алаңдары орналасқан. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Айнұр Серікқызы Бекжанова, аудандық білім бөлімінің бас маманы Азиза Жеңісқызы Өтеген, «BCN» ЖШС басқарушы директоры Нұржан Бахтиярұлы Әбутәліпов, сондай-ақ ата-ана, PhD докторы, Қазақ–Американ университетінің деканы Дархан Замабеков қатысты.

Жаңа мектептің ашылуы – Наурызбай ауданының білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады.