Көше жарығы дамуда: Наурызбай ауданындағы 51 көше жарықтандырылады !!!

Көше жарығы дамуда: Наурызбай ауданындағы 51 көше жарықтандырылады !!!

2025 жылы Алматы қаласының Наурызбай ауданында сыртқы жарықтандыру жүйесін дамыту және жаңарту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.

Жұмыстар екі бағыт бойынша жүргізілуде:

— АКЖ желісі бойынша биыл ауданның 29 көшесінде сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары аяқталды;

— «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың көптеген өтініштері негізінде бұрын жарықтандырылмаған 22 көшеге жарық шамдары орнатылуда.

Қазіргі таңда мердігер ұйымдар жарық бағаналарын орнату, шамдарды бекіту, кабель желілерін тарту және электр жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық жұмыстар техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сай орындалуда.  Сыртқы жарықтандыру құрылысының барлық кезеңдерін осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру нәтижесінде аудан көшелерінің жарықтандырылу деңгейі айтарлықтай артып, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі жақсарады. Сонымен қатар, Наурызбай ауданы тұрғындары үшін ауданның келбеті мен өмір сүру сапасы одан әрі жайлы әрі қауіпсіз болмақ.