
Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары! 🌿
Қарттар айына орай 16 қазан күні Наурызбай ауданында ардагерлер мен қарттарға арналған мерекелік шара өтті. Іс-шараға 100-ге жуық құрметті қариялар мен ұзақ жасаушылар қатысты.
Бір дастархан басына жиналған ақсақалдар мен аналарымыз — өмірін еңбекке, ұрпақ тәрбиесіне және қоғам игілігіне арнаған тұлғалар.
Шара барысында жүрекжарды тілектер мен жылы лебіздер айтылып, ән мен күй шырқалды.
Мерекелік кешке танымал өнер иелері — Абай Қойшыбаев, дуэттер Қайрат пен Жұлдыз, Ғани мен Бота, Мирас пен Құралай Бекжановтар, сондай-ақ Әділ Сламхан, Жанқожа Аяпов, Қанат Құлымжанов және Күнсұлу Ермаханова қатысты.
Бұл шара — аға буын өкілдеріне деген құрмет пен ілтипаттың көрінісі. Олардың өмірлік жолы, еңбегі мен парасаты — жастарға үлгі, ұрпаққа өнеге.
💐 Қарияларымыздың әр күні шаттыққа толы болып, айналасын жақындарының мейірімі мен ықыласы жылыта берсін!