91 жылдық даналық пен еңбек жолы: Құрметті Гайникен Айдарханқызын құттықтадық !!!

91 жылдық даналық пен еңбек жолы: Құрметті Гайникен Айдарханқызын құттықтадық !!!

Қарияның батасы – рухани қазына, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан даналықтың мәйегі.

Бүгін біз Наурызбай ауданының құрметті тұрғыны, тарих ғылымдарының кандидаты Ғайникен Айдарханқызы Бибатырованы 91 жасқа толған мерейтойымен құттықтадық. Ғайникен Айдарханқызы – өмірін ағарту ісіне, мәдениет пен ғылымға, жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты жан. Оның өмір жолы, парасаты мен адамгершілігі – баршамызға үлгі, ал қажырлы еңбегі ауданымыздың мақтанышына айналды.  Мұндай тұлғалар – туған жерге, елге адал қызмет етуде үлгі.

Шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына береке тілейміз. Әр күніңіз шаттық пен ізгілікке толы болсын!