
Наурызбай ауданы, соның ішінде Қарағайлы, Ақжар және Қалқаман шағынаудандарының тұрғындарымен ауылшаруашылық және үй жануарларын күтіп-бағу мәселесіне байланысты кездесу өтті.
Кездесу барысында уәкілетті органдар жануарларды тіркеу мен вакцинациялаудың маңыздылығын түсіндірді. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және түрлі жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жануар иелерінің жауапкершілігі, оларды күтіп-ұстау ережелері мен қаңғыбас ит, мысық және өлекселерді тазарту тәртібі талқыланды. Ветеринариялық қызмет мамандарының тұрғындардың өтініші бойынша үйлерге барып, тиісті шараларды тегін жүргізетіні де айтылды.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК «Ветеринария бөлімі» басшысы - Кәрімов Жомарт Әуесханұлы: +7 707 386 0692