Наурызбай ауданында Медеубеков көшесінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуда

Наурызбай ауданында Медеубеков көшесінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуда

Наурызбай ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда.

Медеубеков көшесінде ұзындығы 2,6 км болатын жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты «Үш Сай» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда. Бұған дейін бұл учаскеде су және кәріз инженерлік желілері тартылған болатын. Енді соңғы кезең – асфальттау жұмыстары басталды. Бұл тұрғындардың жолда жайлы әрі қауіпсіз жүруі үшін жасалып жатыр.