Наурызбай ауданында дератизация жұмыстары жүргізілуде
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы бойынша Наурызбай ауданында дератизациялау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым — «Эко Сервис Алматы» ЖШС.
Техникалық ерекшелік пен бекітілген кестеге сәйкес:
- Жалпы өңделетін аумақ — 6228,6 га
- Оның ішінде:
• ашық биотоптар — 4150 га
• жабық және жартылай жабық биотоптар — 2078,6 га (14 980 жеке тұрғын үйді қоса алғанда)
Жұмыстар 10 бригадамен атқарылуда, әр бригадада 4 адамнан (1 дератизатор және 3 көмекші). Әр бригада уландырғыш заттармен және көлікпен қамтамасыз етілген.
Мақсат — аудан тұрғындары үшін санитарлық қауіпсіз ортаны қалыптастыру.