Алматы қаласы күні қарсаңында «Таз Казахстан» экологиялық акциясы аясында Қарғалы шағынауданында сенбілік өтті.
Іс-шараға барлығы 450 адам қатысты.
Олардың қатарында:
- аудан әкімдігі мен коммуналдық қызмет өкілдері,
- белсенді тұрғындар,
- комьюнити орталықтың жастары болды.
Жалпы көлемі 110 м3 қоқыс арнайы шығарылды. Сонымен қатар аумақты сыпыру, қоқыс жинау, тазалау, ағаштарды санитарлық қырқу және шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 12 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.