«Ақжар» саябағында (Ақсай көшесі, 9) ауқымды сенбілік өтті

«Ақжар» саябағында (Ақсай көшесі, 9) ауқымды сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 6 қыркүйек Наурызбай ауданында, «Ақжар» саябағында (Ақсай көшесі, 9) ауқымды сенбілік өтті.

Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, коммуналдық қызмет мамандары, жастар және тұрғындар бірлесе саябақты тазалау жұмыстарын жүргізді.

Атқарылған жұмыстар:

- жаяу жүргіншілер аймағын сыпырып,  жуу;

- қоқыс жинау;

- шөп шабу;

- кіші архитектуралық формаларды бояу;

«Ақсай» өзенінің арнасын тазалау 170 м³ астам қоқыс шығарылды. Барлығы 350-ден аса адам қатысып, 7-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Экоакцияға белсенді атсалысқан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз! Тазалықты бірге сақтайық! 

Демалыстан кейін қоқыс қалдырмаңыз  Қоғамдық тәртіпті сақтаңыз  Қоқысты тек қана урнаға тастаңыз Таза қала – бір-бірімізге деген құрмет. Тазалықты өзіңнен баста!