Мемлекеттік қызметтегі әдеп: Наурызбай ауданы әкімі аппараты ұжымымен кездесу өтті

Мемлекеттік қызметтегі әдеп: Наурызбай ауданы әкімі аппараты ұжымымен кездесу өтті

Наурызбай ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Алматы қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен аудан әкімдігі аппараты қызметкерлерімен жиын өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің кәсіби әдеп нормаларын сақтау, Әдеп кодексінің негізгі ережелері, қызметкердің этикалық жауапкершілігі және қызмет беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу сынды тақырыптар кеңінен түсіндірілді.

Спикерлер мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы – тек жеке адамның емес, бүкіл мемлекеттің беделіне әсер ететінін атап өтті. Қызметтік тәртіпті бұзу — жауапкершілікке әкелетінін де ескертіп өтті.