Абайға – 180 жыл: Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығындағы әдеби-сазды кеш

Абайға – 180 жыл: Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығындағы әдеби-сазды кеш

Оқушылардың шығармашылық инновациялық орталығында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй» атты концерттік-сахналық көрініс өтті.

Шара барысында Абайдың өшпес мұрасы – әндері мен күйлері, даналыққа толы өлеңдері дәріптеліп, жүрекке жетер әсерлі өнерлер тарту етілді.

Бұл мерекелік кеш жастарға рухани азық, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, Абай мұрасының мәңгілік екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.