Наурызбай ауданының ардагерлері тоғызқұмалақ турнирінде 1-орын иеленді

Наурызбай ауданының ардагерлері тоғызқұмалақ турнирінде 1-орын иеленді

Наурызбай ауданында, ұзақ өмір сүрушілерге арналған «Senim» орталығында, ардагерлер арасында ұлттық интеллектуалды ойын – «Тоғызқұмалақ» бойынша қалалық турнир өтті.

Жарысқа Алматы қаласының 8 ауданынан 40 ардагер қатысты. Бұл турнир тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар ардагерлердің достық қарым-қатынасын нығайтып, ұлттық дәстүрді дәріптеуге жол ашты. Қызу тартысты ойын нәтижесінде Наурызбай ауданының командасы жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлікті танытып, 1-орынды иеленді.

Бұл жетістік аудан ардагерлері мен тұрғындары үшін зор мақтаныш болып, ұлттық ойынды жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға ықпал етті.