Мереке көшесінде сенбілік ұйымдастырылды

Мереке көшесінде сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін Мереке көшесінде жергілікті сенбілік ұйымдастырылды.

Негізгі мақсат – көшенің тазалығын қамтамасыз ету және санитарлық жағдайды жақсарту. Сенбілікке 70 адам атсалысып, 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. 

Барлығы 80 м³ тұрмыстық қалдық шығарылды

Атқарылған жұмыстар:

- тұрмыстық қалдықтар,

- жапырақтар мен бұтақтарды жинап, шығару,

- жол жиегі мен іргелес аумақтарды тазалау

Осындай іс-шаралар ауданның тазалығын сақтап қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.