Наурызбай ауданында аға буынға арналған мүмкіндік көбейеді !
📢Тамыз айында ауданда тағы екі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады. Бұл — үлкендерімізге арналған жайлы кеңістік, денсаулықты нығайтып, өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа қадам. Қазіргі таңда бір Белсенді өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Барлығы 640 адам ресми түрде тіркелген.
2025 жылдың ақпан айынан бастап 20 000-нан астам қызмет көрсетілген. Күн сайын орта есеппен 120 адам орталыққа келіп, түрлі шараларға қатысады.
Орталықта тек денсаулықты нығайтуға арналған сағаттар емес, сондай-ақ түрлі үйірмелер мен курстар ұсынылған:
• Йога
• Емдік-сауықтыру гимнастикасы
• Скандинавиялық жүріс
• Гериатр-дәрігер мен заңгердің кеңестері
• Психологпен жұмыс
• Есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған тренингтер
• IT сауаттылығы
• Қазақ және ағылшын тілі курстары
• Сурет салу, би, ән айту, қолөнер
• Агрожобаларға қатысу
• Арт-терапия
📍Жыл басынан бері орталықта 35 іс-шара өткізілді. Бұл — тек жай басқосулар емес, бұл — бірлік, даму және жаңа мүмкіндіктер алаңы.
Наурызбай ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы – аға буын өкілдеріне арналған белсенді өмір мен дамудың жаңа кезеңі.