Ауданда нашақорлықтың алдын алу шаралары талқыланды

Ауданда нашақорлықтың алдын алу шаралары талқыланды

2025 жылғы 6 тамызда Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі водомствоаралық штаб пен «Өрлеу» қоғамдық бастамасының бірлескен отырысы №200 мектеп-гимназиясында өтті.

Жиын барысында жастар мен жасөспірімдердің есірткі қолдануына, оны тасымалдау және тарату әрекеттерін алдын алуға бағытталған кешенді стратегияларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Аталған жоспардың басты мақсаты – Наурызбай ауданына уақытша жұмыс істеуге не білім алуға келген азаматтарды жүйелі бақылауға алып, осы бағыттағы алдын алу жұмыстарын күшейту.

Сонымен қатар, ата-анарлар балаларының болашағына бейжай қарамай, олардың тәрбиесіне белсенді араласуын арттыруға бағытталған нақты қадамдар талқыланды.