Наурызбай ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Бұл жұмыстар — тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда аса маңызды.
📍 Аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша «Үш-Сай» мердігер ұйымы Медеубекова көшесінде су құбыры мен кәріз желілерін тарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жоба тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қолға алынған.
📍 Сонымен қатар, Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша «Павлодарский речной порт» мердігер компаниясы Даулеткерей және Әбділдин көшелерінде кәріз коллекторын салу жұмыстарын атқарып жатыр. Бұл нысан болашақта ауданның кәріз жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
📍 Бұдан бөлек, «АГС Пласт» компаниясы Даулеткерей көшесінің төменгі бөлігінде жаңа тұрғын үйлер мен нысандарды орталық су жүйесіне қосу мақсатында тарату желілерін тартуды жалғастыруда.
Барлық жұмыстар бақылауда. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту — тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруі мен ауданның тұрақты дамуы үшін жасалып жатқан маңызды қадам.
Түсіністік танытып, қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамын!