Көпбалалы аналар өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды

Көпбалалы аналар өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды

«Әлемді тербеткен Ана»

2025 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 908 Жарлығына сәйкес, көп балалы аналар мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше үлес көрсеткен әйелдер мемлекеттік наградаға ие болды. Бұл марапат — аналардың ел болашағына қосқан өлшеусіз үлесі мен еңбегіне деген терең құрметтің және жоғары бағалаудың белгісі.

Ана — тек отбасының ғана емес, сүйіспеншілік, төзім мен рухани күштің бастауы. Нағыз батырлар — осы әлемді мейіріммен тербеткен, ұрпақты жанқиярлықпен тәрбиелеп келе жатқан аналар. Бүгінгі күні 23 ана марапатталды, оның ішінде «Алтын алқа» иегері – 4 ана, «Күміс алқа» иегері – 19 ана. Бүгінгі марапат — осы ұлы миссияның айқын дәлелі.

Барша аналарға шын жүректен алғыс білдіреміз, бас иеміз!