Наурызбай ауданында Абайдың 180 жылдығына орай сенбілік пен мәдени іс-шара өтті

Наурызбай ауданында Абайдың 180 жылдығына орай сенбілік пен мәдени іс-шара өтті

Бүгін Наурызбай ауданында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстары Абай даңғылы бойымен - аудан шекарасынан (Яссауи көшесі, Әуезов ауданы) облыс шекарасына дейін (Строительная көшесі) жүргізілді. Сенбілікке 1100-ден астам адам қатысты:

  • аудан әкімдігінің қызметкерлері;
  • коммуналдық мекеме өкілдері;
  • жастар ұйымдары;
  • ардагерлер мен белсенді тұрғындар.

Жұмысқа 70-тен астам арнайы техника тартылып, барлық санитарлық жұмыстар қамтылды:

- қоқыс жинау және шығару;

- тротуарларды сыпыру және жуу;

- шөп шабу;

- жасыл желектерді суару;

- аялдама павильондарын;

- арық жүйелерін және жерүсті өткелдерін тазалау.

Барлығы 480 м³ қоқыс шығарылды. Сенбіліктен кейін қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.

Қонақтар мен тұрғындар:

  • поэзиялық байқауға қатысып;
  • Абай шығармашылығына арналған викторинада білімін сынап;
  • интерактивті фотозонада суретке түсіп;
  • дәмді бауырсақ және салқын сусыннан дәм татты.