
Инклюзивті орта – жай ғана ұғым емес, бұл – әр азаматтың еркін қозғалуына, толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беру.
Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында ерекше қажеттіліктері бар жандарды инновациялық көпфункционалды кресло-арбалармен қамтамасыз ету қолға алынды.
Арбалар әр адамға жеке медициналық көрсеткіштеріне қарай таңдалады. Яғни жай ғана арба емес, адамның өмір сапасын арттыратын, қозғалысты жеңілдететін көпфункционалды құралдар.
Наурызбай ауданында бүгінде аудан бойынша 7 заманауи кресло-арба сатып алынды. Толық әрі нақты ақпарат алу үшін аудан әкімдігіне келіп кеңес алуға болады.
Әр тұрғын үшін қолайлы, кедергісіз қала-біздің ортақ мақсатымыз!