Ұстаздықпен ұрпақ тәрбиелеген өнегелі әулет «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпазы – Дүйсебаевтар әулеті
Отбасы-тәрбие мен рухани байлықтың алтын ұясы. Осы ұлы ұғымның нақты үлгісіндей болып отырған- Наурызбай ауданындағы 9 баланың анасы, «Алтын алқа» иегері, 29 немере мен 9 шөберенің ардақты әжесі, көпке үлгі болған ұстаздар әулеті-Дүйсебаевтар отбасы.
Ұстаздықты ұлы миссия деп білген бұл отбасының мүшелері бірнеше буыннан бері білім беру саласында еңбек етіп келеді. Олардың әрқайсысы шәкірт тәрбиелеуде тер төгіп, елдің болашағына үлес қосып жүрген жанашыр мұғалімдер. Сол еңбек пен бірліктің, дәстүрге адалдық пен ұрпаққа сіңірілген тәрбиенің арқасында Дүйсебаевтар әулеті «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауының аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпазы атанды.
Бұл-жай ғана марапат емес, бұл-ұлтқа өнеге болатын отбасының ерен еңбегіне берілген үлкен баға. Дүйсебаевтар отбасы-білімге, тәрбиеге, адамгершілікке негізделген баянды өмір салтының жарқын көрінісі. Бұл әулеттің өнегелі жолы жас отбасылар үшін нағыз бағдаршам, ал жастар үшін-шабыт көзі.