Бүгін Жайлау ықшамауданында үлкен іс атқарылды!
Таңғы сағат 10:00-ден бастап «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Жүздеген тұрғындар, әкімдік аппаратының қызметкерлері, коммуналдық қызмет мамандары мен бизнес өкілдері;
- BAZIS-A,
- BI Group,
- Top Clinic,
- Маяк LTD,
- Альянс LTD,
- Nomadcar ЖШС,
- “Тау Самалы” және “Ақбұлақ” базарлары — барлығымыз қараусыз қалған бос аумақты тазалап шықтық.
Аумақ қоқыс пен қураған шөптерден, жаяу жүргіншілер жолы тазартылып, 150 текше метрден астам қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, тұрғындармен тазалық сақтау мәдениетінің маңызы туралы пікір алмасып, уақытты көңілді өткіздік.
Барлығы 300-ден астам адам мен 20 арнайы техника жұмылдырылды.
Іс-шараға атсалысқан әрбір жанға шын жүректен алғыс айтамыз.
Таза аудан — жайлы аудан. Тазалық — өзара құрметтің көрінісі.
Барлығы өзімізден басталады.
Наурызбай ауданы — тазалық пен ынтымақтың үлгісі бола берсін!