Зиянкестермен күрес күшейтілуде

Зиянкестермен күрес күшейтілуде
Наурызбай ауданында санитарлық тазалық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дератизация және дезинфекция жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
 
Аталған шаралар аптасына бір рет, ауа райының жағдайына қарай ұйымдастырылады. Әсіресе жаз мезгілінде зиянкес жәндіктер мен кеміргіштердің көбею қаупі жоғары болғандықтан, бұл жұмыстардың жүйелі әрі сапалы жүргізілуі ерекше маңызды.
 
Негізгі бағыттар:
- Аудан аумағындағы контейнерлік қоқыс алаңдары жуылып, дезинфекцияланады. Сонымен қатар, кеміргіштер мен зиянкес жәндіктерге қарсы у себіледі.
- Арық желілері де назардан тыс қалмайды. Кеміргіштер мен масалардың таралуын болдырмау үшін арық бойына арнайы улау жұмыстары жүргізіледі.
 
Бұл шаралар – тұрғындардың денсаулығын сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және ауданның санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.
 
Құрметті тұрғындар!
 
Санитарлық талаптарды сақтау, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауларыңызды және тазалыққа жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.