Жастармен бірге-жарқын болашаққа

Жастармен бірге-жарқын болашаққа

Наурызбай ауданында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында ведомствоаралық штаб қызмет етеді. Штаб құрамына аудан әкімдігі, прокуратура, полиция, қоғамдық ұйымдар мен жастар өкілдері енді.

Бүгінде бұл бағытта бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда:

🔹 Жыл басынан бері 500-ден астам заңсыз граффити жазбалар анықталып, жойылды;
🔹 Жастар арасында сауалнамалар мен түсіндіру шаралары жүргізіліп жатыр;
🔹 Компьютерлік клубтар мен әлеуметтік желілерде салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары қолға алынған;
🔹 Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесі де күн тәртібінде.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында аудан жастары мен белсенділері тағы да көшелерді аралап, жасырын жарнамаларды өшіруге қатысты. Бұл – барша қоғам болып атсалысатын ортақ іс.

Нашақорлықпен күрес – бұл тек құқықтық шара емес, ұлт болашағына деген жанашырлық. Жастарды қорғау – бәріміздің азаматтық борышымыз. Сіздерді де осы бағытта қолдау көрсетуге шақырамыз.