Тастыбұлақ шағынауданында ауқымды сенбілік өтті

Тастыбұлақ шағынауданында ауқымды сенбілік өтті

Тастыбұлақ шағынауданында ауқымды сенбілік өтті.

  • 300-ден астам белсенді тұрғын,
  • коммуналдық қызмет өкілдері,
  • өнер майталмандары мен еріктілер бірлесе аудан аумағын тазалауға шықты.

Барлығы 20 арнайы техника жұмылдырылып, 250 м³ қоқыс шығарылды. Бұл – жұдырықтай жұмылған халықтың жарасымды ісінің дәлелі.
Сенбілікке «Шекер» фильмінің актері Азат Жұмаділ де қатысып, жастарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Сенбілікке атсалысқан әрбір жанға алғысымызды білдіреміз!

Мұндай бастамалар тек көшелерімізді тазартып қана қоймай, экологиялық мәдениет қалыптастыруға ықпал етеді.