Қазіргі таңда аудан бойынша 9 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Барлық ғимараттарды бір архитектуралық стильге келтіріп, ауданымызды заманауи әрі үйлесімді етіп өзгертіледі.
Бұған дейін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 5 үйдің қасбеті жаңартылған. Ал 2024 жылы 1960–1980 жылдары салынған 8 тұрғын үй жөнделіп, жаңаша кейіпке енді.
Мекенжайлары:
• Қалқаман шағын ауданы — №7 және 8 үйлер
• Ақжар шағын ауданы — Дәулеткерей көшесі, №162, 166 және 7 үйлер
• Рахат шағын ауданы — Көктала көшесі, №10 және 17 үйлер
• Таусамалы шағын ауданы — Рысқұлов көшесі, №86 үй
2025 жылға тағы 9 үйдің қасбетін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні соның 6 үйде жұмыс аяқталды:
• Қонаев көшесі, 20-үй
• Қалқаман шағын ауданы, 1, 1А, 2-үйлер
• Санаторная көшесі, 1 және 2-үйлер
Сонымен қатар бүгін Нұрмұхамедов пен Байзақ батыр көшелерінің қиылысындағы балалар алаңы қалалық Экология басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылып жатқан «Қарғалы өзенінің жағалауын абаттандыру» атты ауқымды жобаның аясында жаңа кейіпке енеді.
Ауданда демалуға, серуендеуге арналған орындар әлі де жеткіліксіз. Сондықтан саябақтар, гүлзарлар, балалар мен спорт алаңдарын көбейту — басты мақсаттардың бірі.