Наурызбай ауданында «Алматы — ортақ үйіміз» кампаниясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шара аудан тұрғындарының ауызбіршілігінің, туған жерге деген шынайы жанашырлығының айқын көрінісіне айналды.
Күннің алғашқы сағаттарынан-ақ ауданның белсенді азаматтары — аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, мердігер ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар - барлығы 150 адам бірігіп, аудан тазалығы мен көркі үшін жұмыла еңбек етті.
Тазалық жұмыстарына 20 арнайы техника жұмылдырылып, ауқымды іс-шаралар жүргізілді. Атап айтқанда:
• жаяу жүргінші жолдары сыпырылды;
• автокөлік жолдары жуылды;
• өзен арнасы санитарлық тұрғыда тазаланды,
• қоқыс теру,
• ағаштар мен бұталарды қырқу және шөп шабу жұмыстары жүргізілді;
Барлығы 150 текше метрден астам қоқыс шығарылды.
Бұл — жай ғана сенбілік емес. Бұл — қаламызға деген сүйіспеншіліктің, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың, әр тұрғынның азаматтық жауапкершілігінің жарқын көрінісі.
Әрбір қатысушыға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Алматы — біздің ортақ үйіміз.